Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Шымкентте жүк пойызының 18 вагоны аударылып кетті

AstanaTV
12.05.2023ж. 12:16
898
Шымкентте жүк пойызының 18 вагоны аударылып кетті

Шымкентте жүк пойызы рельстен шығып, 18 вагоны аударылып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметіне 11 мамырда сағат 16:37-де ҚТЖ кезекші қызметінен хабарлама түскен. Абай ауданындағы "Игілік" аралығында Игілік-Бадам темір жолының 3 266 шақырым учаскесінде 18 вагон, оның ішінде 17 бос вагон бүйіріне аударылып кеткені хабарланды.

"Вагондар "Шымкент-Арыс" бағытындағы №2489 жүк пойызының құрамында (жалпы саны 57 вагон) болды. Салдарынан әуе электр желілерінің 11 тірегі зақымдалған, темір жол төсемі ішінара зақымданған.  Аталған стансада вагондардың істен шығуына байланысты "Алматы-Маңғыстау" бағытындағы №77 жолаушылар пойызы 1 сағат 15 минутқа кідірді. Қазіргі уақытта пойыздардың қозғалысына әсері жоқ", - делінген хабарламада.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына "ҚТЖ ҰК" АҚ (55 адам және 1 қалпына келтіру пойызы) күштері жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы, жеке құрамның 14 адамы және 4 бірлік техникасы барған.