Ыстамбұл орталығында Қасым-Жомарт Тоқаевтың ФИФА басшысы Джанни Инфантиномен түскен суреті пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ыстамбұл орталығындағы жарнама экранында Қазақстан Президенті мен Халықаралық футбол федерациясы басшысының Астанада өткен кездесуде түсірілген суреті пайда болды.
"ФИФА Қазақстанда футболдың дамуына көмектеседі", - деп түрік тілінде жазба жазылған.
Tengrinews.kz фототілшісі Тұрар Қазанғапов Ыстамбұл орталығында, Айя-София мешітінен алыс емес жерде орналасқан жарнама экранын суретке түсіріп алды. Бұл жерден күн сайын туристер мен жергілікті тұрғындар легі өтеді.
Еске салайық, 3 мамырда Астанада Қасым-Жомарт Тоқаев пен ФИФА басшысы Джанни Инфантино қазақстандық футболдың әлеуетін арттыру және жасөспірімдер спортын дамыту мәселелерін талқылаған болатын.