Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Финалға жолдама. Қазақ боксшылардың Ташкенттегі жекпе-жектерінің кестесі

AstanaTV
12.05.2023ж. 14:17
837
Финалға жолдама. Қазақ боксшылардың Ташкенттегі жекпе-жектерінің кестесі

Бүгін, 12 мамыр Ташкентте бокстан әлем чемпионатының жартылай финал айқастары өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасынан рингке бүгін бес боксшы шығады.

15:00-де басталатын күндізгі сессияда үш қазақ боксшы айқасады. Осылай екінші жұпта 48 келі салмақтағы Санжар Тәшкенбай ресейлік Эдмонд Худоянмен финалға жолдаманы сарапқа салады.

Одан кейін 54 келіде Махмұт Сабырхан кубалық Йосвани Вейтиамен жұдырықтасады. Жетінші жұпта Дулат Бекбауов грузиялық боксшы Лаша Гурулимен қолғап түйістіреді (67 келі).

19:00-де басталатын кешкі сессияда Асыланбек Шымбергенов үндістандық Нишант Девпен кім мықтыны анықтайды (71 келідегі боксшылар жетінші жұпта). Ал оныншы жұпта рингке 80 келіде өнер көрсететін Нұрбек Оралбай ресейлік Имам Хатаевпен кездесу өткізеді.

Финал 13 және 14 мамырға жоспарланған.