$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Мереке Құлкенов Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы болып сайланды

12.05.2023ж. 20:00
1306
Мереке Құлкенов Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы болып сайланды

Мереке Құлкенов Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы болып сайланды. Алматы қаласында бүгін Қазақстан жазушыларының кезекті ХVІ құрылтайы өтті. Бес жылда бір рет болатын жиында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жазушыларға құттықтауын жеткізді. Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет бес жылда атқарылған жұмыстар жөнінде есептік баяндама жасады. Ұлықбек Есдәулет өзінің 15 елдің қаламгерлері мүше ретінде кірген Түркі дүниесі жазушылар одағының төрағасы болып сайлануына байланысты қызметінен кететінін мәлімдеді. Құрылтайдан соң басқарма жиынында жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мереке Құлкенов Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасы болып сайланды. Сондай-ақ оның орынбасарлары белгілі болды.

Мұратхан ШОҚАН, АҚЫН:

Жаңа буын, жаңа басшылықтың құрамы жаңа бір талпыныспен жұмыс жасайды. Сол үшін де бес жыл сайын алмасып, жаңа күш келіп жұмыс жасағаны дұрыс шығар. Әдебиетіміздің, мәдениетіміздің, руханиятымыздың гүлденуіне өзінің үлесін қосып, жұмыс жасаса, соның төңірегінде біз де болсақ деп ойлаймыз