Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

ҰБТ-ға еркін киіммен келуге рұқсат етілді

AstanaTV
13.05.2023ж. 13:52
1380
ҰБТ-ға еркін киіммен келуге рұқсат етілді

Ұлттық бірыңғай тестілеуге еркін киімде қатысуға рұқсат етілді. Сондай-ақ, оқушыларға өзімен бірге су және шокалад алып кіруге болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елімізде ұлттық бірыңғай тестілеуі бойынша талапкерлерге бірқатар жеңілдіктер жасалды. Ереже-талапты орталық өзінің әлеуметтік парақшасында жариялаған. Онда тест тапсырушыларға еркін киімде келуге рұқсат етілген.

"Құрметті талапкерлер! Сіздерге ҰБТ-ға мектеп формасымен келудің қажеті жоқ екенін айта кетейік. Яғни тестілеуге еркін киімде қатысуға болады. Бірақ этикаға сай, ұқыпты киініп келулеріңізді сұраймыз", - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, биыл тестілеу сынағына талапкерлер өзімен бірге су және шоколад алып келуіне болады.

Айта кетейік биыл ҰБТ 16 мамырда басталып, 5 шілде аралығында өткізіледі.