Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қайтыс болды деп ойлаған: Әйел адам жерленген күйеуінің айқайын естіп, оны құтқарып алды

AstanaTV
13.05.2023ж. 18:10
985
Қайтыс болды деп ойлаған: Әйел адам жерленген күйеуінің айқайын естіп, оны құтқарып алды

Қытайдағы Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында тұрғын тірідей жерленіп, қабірде оянған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Thaiger сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адамның ұзақ уақыт бойы денсаулығы сыр берген. Ол ата-анасымен, жұбайы және ұлымен бір шаңырақ астында тұрды. Ер адамның жұбайы отбасын қамтамасыз ету үшін көп жұмыс істеді, сондықтан оған әке-шешесі қарады. Бірде анасы оған түскі ас әкеліп, ес-түссіз жатқанын көрген. Ол дәрігерді шақырғанда, маман жүрегі тоқтағанын және тыныс алмайтынын растап, өлді деді. Ол күйеуі қайтыс болғанын келініне хабарлап, жерлеу рәсімін өткізу үшін үйіне тезірек оралуын өтінді.

Жұбайының кенеттен көз жұмғанына таң қалған әйел жерлеу рәсіміне келді. Жерлеу рәсімі аяқталғаннан кейін ол оған үш рет бейттің жанына жақындады. Сол кезде жерден біртүрлі дыбыстар естілген екен. Ол күйеуінің есімін айтқан кезде айқайлаған дауыстар шыққан. Жанындағылар осы кезде бірден қабірді қаза бастады. Табыттың қақпағын ашып, жерленген адамның тірі екенін анықтады. Құтқарылған адам дереу ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлер қытайлықтың қант диабетімен ауырғанын анықтады. Ұзақ уақыт емделмегендіктен есін жоғалтып, денесі құрғаған. Соның салдарынан ер адамның жүрек соғу жиілігі бәсеңдепті. Сол үшін оны өлді деп қателесті. Ол оттегінің жетіспеушілігінен табытта оянып кетті деп болжануда.

Дәрігерлер оның отбасының қаржылық қиындықтарға тап болғанын білді, сондықтан олар емдеу шығындарын аурухананың есебінен толығымен жабуға шешім қабылдады.