Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Eurovision-2023» байқауында Швеция әншісі жеңіске жетті

AstanaTV
14.05.2023ж. 14:11
730
«Eurovision-2023» байқауында Швеция әншісі жеңіске жетті

«Eurovision-2023» музыкалық байқауының жеңімпазы швед орындаушысы Лорин (Loreen) болды.

Ол Ұлыбританиядағы Ливерпульде өткен жыл сайынғы байқауда Tattoo әнімен бірінші орынды иеленді.

Көрермендер мен қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша Швеция 583 ұпай жинады. Екінші орынды 526 ұпаймен Финляндиядан келген орындаушы Кяария еншіледі. Үшінші орында – израильдік әнші Ноа Кирель, ол 362 ұпай жинады.

Лорин 2012 жылы да Eurovision байқауының жеңімпазы атанған еді.