Қызылжарда
бірқатар мемлекеттік қызметкерлер жол ережесін бұзып жүр. "Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы медиа орталығы" мен полицейлер бірлескен рейд қорытындысы осыны көрсеткен. Екі күнде 10 заң
бұзушылық анықталды. Заңды белден басқандардың тең жартысы мемлекеттік қызметкерлер
болып шықты, - дейді медиа орталық өкілдері. Жол ережесін бұзғандар арасында тек
шенеуніктер емес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің өкілдері, тіпті
полицейлердің өздері де бар. Олардың басым бөлігі теріс қылықтарын түсіндіруден
бас тартқан.
Ардақ
Жанқұшев, «Тұңғыш сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығы» РҚБ СҚО бойынша
филиалы басшысы:
Жергілікті
әкімдік қызметкері 20 минут бойы көліктен шықпады. Біреуге телефон шалды.
Полицейлер есігін ашса, бірден жауып
тастайды. Артынша, оның не жүргізуші куәлігі, не сақтандыру полисі жоқ екені
белгілі болды. Себебі темір тұлпар досының иелігінде. Заң бұзғандардың көбі
өздерінің лауазымдарына сенеді. Қызметтік куәлігін басқа мақсаттарда
пайдаланады.
Абзал ҚҰРМАНКИН