Қызылордада өзеннен 8-сынып оқушысы өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Бұл оқиға 14 мамырда болған. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы өкілдерінің айтуынша, жедел құтқару жасағының өкілдері хабарлама бойынша Сырдария өзенінен марқұмның денесін тапты.
"Мән-жайды тексеру барысында 8-сынып оқушысының белгіленбеген жерде суға түскені анықталды", - деді басқарма бастығы Жасұлан Түйменов.
Былтыр ғана облыс орталығында 12 адам осындай жағдайда көз жұмса, соның тең жартысы - бала.