Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

"Ұяламын ғой": Шімән апа лақап есімімен танылған әзілкеш образы үшін алғашында барахолкадан киім алған

AstanaTV
15.05.2023ж. 16:05
1177
"Ұяламын ғой": Шімән апа лақап есімімен танылған әзілкеш образы үшін алғашында барахолкадан киім алған

Көпшілікке Шімән апа лақап есімімен танылған Ерболат Төлеген өзінің сахналық образы жайлы айтып берді. Әзілкеш "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында алғашында образы үшін базардан киім алса, бүгінгі күні ол жерге баруға ұялатынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Маған үй салып берген көйлектер ғой. Шімән апаны ешкім танымайтын кезде барахолкаға, базарға өзім барып алатынмын. Ол кезде толық болдым, бойым бар. Базарда киім киіп көрсем, бәрі қысқа болып қалады. "Ұзыны бар ма көйлектің" деймін. Мен ұзын көйлек киіп ойнағанды жақсы көремін. Себебі, ары-бері қозғалғанда, саның, әуретің көрініп қалуы мүмкін. Сатушы "Сен кімге алып жатсың өзі? Ондай үлкен кемпірлер болмайды" дейді.
Мен "Әжем өзім сияқты ірі" деймін. Өзіме деп айтпаймын, ұяламын ғой. Кейін әлеуметтік желіге шығып, танылғаннан кейін базарға барып киім алуға ұяламын. Телефон деген жақсы болды ғой. Бәрі камераға түсіріп, пабликтерге салып жібереді. Қазір керек болса, анам мен келіншегім базардан әкеледі ", - деді Ерболат Төлеген.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ерболат Төлеген Шімән апа болып танылғанға дейін Ақтөбеде кондуктор болғанын баяндап берген. Сонымен қатар әзілкеш екі айда қалай 20 келі салмақ тастағанын айтты.