Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қазақстандықтар енді онлайн түрде некелесе алады

AstanaTV
15.05.2023ж. 22:39
755
Қазақстандықтар енді онлайн түрде некелесе алады

Қазақстандықтар енді некесін онлайн түрде тіркей алады. Бұл туралы Алматы қаласы Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сара Мурзиева хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сара Мурзиева өңірлік қоммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап неке Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде (АХАТ) емес, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында тіркелетінін айтты. Некені салтанатты тіркеу рәсімі өте ме деген сұраққа, Мурзиева жас жұбайлар енді тіпті онлайн түрде де некелесе алатынын айтты.

"Некені тіркеуге өтініш берген кезде жас жұбайлардың өтініші бойынша некені тіркеу онлайн түрде, сондай-ақ жас жұбайлардың қатысуымен де жүргізіледі. Егер жас жұбайлар некені тіркеу салтанатты рәсімі өткенін қалса, онда рәсім мемлекеттік корпорациядағы арнайы залда тіркеуші орган қызметкерінің қатысуымен өтеді", - дейді Сара Мурзиева.