Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

«Қазіргі жастардың басты дертінің бірі – интернетке тәуелділік», - Аида Балаева

15.05.2023ж. 20:00
943
«Қазіргі жастардың басты дертінің бірі – интернетке тәуелділік», - Аида Балаева

Қазіргі жастардың басты дертінің бірі интернетке тәуелділік. Салдарынан қоғамға бейімделе алмай жүр. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева осылай деді. Мемлекет басшысының Толық Адам тұжырымдамасы туралы айтқанына тоқталып, ең алдымен, үлкендердің дамуына баса назар аудару қажеттігін айтты. Яғни олар артындағы өскелең ұрпаққа үлгі болып, құндылықтары мен өмір салтына ықпал етуі керек. Оның айтуынша, Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің «Қазақстандық отбасы» әлеуметтік зерттеуінің қорытындысы бойынша, тәрбие үрдісіндегі негіздердің бірі ата-ананың өз мінез-құлқы балаларына үлгі болып табылады. Респонденттердің шамамен 86,9%-ын құрайды екен.

Аида БАЛАЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сол зерттеудің нәтижелері көрсеткендей, бүгінгі күні қазақ отбасындағы балаларда тәрбиеленетін басты құндылықтар еңбекқорлық (33,8%), өзін-өзі құрметтеу (31,8%), адалдық (31,7%), үлкенді құрметтеу (31,7%). 25,3%, өзгені құрметтеу (16,6%) және бұл құндылықтарды ата-ана да сіңіреді.