Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«RoboZerde-2023» робототехника фестивалінің ашылу салтанаты өтті

15.05.2023ж. 20:00
825
«RoboZerde-2023» робототехника фестивалінің ашылу салтанаты өтті

«RoboZerde-2023» робототехника фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Елордада алғаш рет ұйымдастырылып отырған қалалық фестивальге Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының депутаттары, салалық ведомство өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары және жас ғалымдар қатысты. Онда партияның атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев жас техник стансаларын, балалар технопаркін ашу көзделгенін атап айтты. Сондай-ақ, әр бала спорт секциясына, шығармашылық студияға немесе техникалық үйірмеге тегін қатысуы үшін «Арт Спорт» бағдарламасының жұмысы жалғасады деді. Айта кетейік, фестиваль алдағы уақытта республикалық және халықаралық деңгейде ұйымдастырылмақ.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Қазақстанның ғылымы дамыса – Қазақстан дамиды. Қазақстанды әлем таныса – Қазақстан қауіпсіз болады. Қазақстанның қауіпсіз болуы – біздің елге әлемдік деңгейдегі ғалымдардың келуімен тікелей ұштасады. Мұнда енді жас өрендеріміз жиналып отыр. Сіздердің әрбір қадамдарыңыз, сіздердің әрбір осындай талпыныстарыңыз ол сіздерге болашақта тіреу болатын мүмкіндік беретін, жүректеріңізге қайсарлық сонымен қатар өмірдегі қадамдарыңызға жігер беретін осындай мүмкіндік.