Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қазақстанға келетіндер көбейіп, көшетіндер азайған

AstanaTV
16.05.2023ж. 07:10
761
Қазақстанға келетіндер көбейіп, көшетіндер азайған

Қазақстанға келетіндер көбейіп, көшетіндер саны азайған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

2023 жылғы қаңтар мен наурыз аралығында елге көшіп келгендер саны 7 680 адам, елден кеткендер саны 2 664 адам болды.

Көші-қон сальдосы - 5 016 адам. 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 87% өскен, ал кететіндер саны 49,6% азайды.

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында жүрген. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 90%, ал сонда кеткендердің үлесі – 69,5%.