$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылордада сауда орталығы алдында жергілікті тұрғынды пышақтап кетті

AstanaTV
16.05.2023ж. 09:54
810
Қызылордада сауда орталығы алдында жергілікті тұрғынды пышақтап кетті

Қызылордада жергілікті тұрғынға пышақ жарақатын салған күдікті оқиға орнынан қашып кетуге әрекеттенді. Полицейлер күдіктіні ізін суытпай қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының 102 арнасына 14 мамыр күні облыс орталығында орналасқан сауда орталығының алдында белгісіз адам жергілікті тұрғынға пышақ жарақатын салғаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Онда күдіктінің оқиға орнынан бой тасалап кеткені айтылған.

«Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен қала көшелерінің бірінде күдікті азаматтың басқаруындағы автокөлік тоқтатылды. Көліктен айғақ заттар алынды. Ол көлігінің мемлекеттік нөмірін алдын ала шешіп алған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.