Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қызметтік борышын өтеу кезінде көз жұмған өрт сөндіруші "Айбын" орденімен марапатталды

AstanaTV
16.05.2023ж. 08:15
837
Қызметтік борышын өтеу кезінде көз жұмған өрт сөндіруші "Айбын" орденімен марапатталды

Президент Жарлығымен Алматының іргесіндегі төтенше оқиға кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Арслан Құрманбеков ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын атқаруда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №7 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Арслан Жолдасбекұлы Құрманбеков ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды (марқұм)», - деп жазды Ақорданың ресми сайты.