Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Флоридалық профессор су астында 74 күн өмір сүрген

AstanaTV
16.05.2023ж. 12:39
1004
Флоридалық профессор су астында 74 күн өмір сүрген

Америкалық зерттеуші су астында болу ұзақтығы бойынша рекорд жаңартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Флорида штатының Ки-Ларго қаласының тұрғыны Джозеф Дитури 30 фут тереңдіктегі Лагуна түбінде 74 күннен астам уақыт өткізді.

Ол әлі судан шықпаған. Су астындағы үйінде кем дегенде 100 күн болатынын айтты.

"Бірінші күннен бастап болашақ ұрпақты шабыттандыру, су астындағы өмірді зерттейтін ғалымдардан сұхбат алу және адам ағзасының төтенше жағдайларда қалай жұмыс істейтінін білуді мақсат еттім", — деді ол.

Осыған дейін су астында өмір сүру бойынша рекордты екі профессор 2014 жылы сол Ки-Ларго үйінде орнатқан. Олар 73 су түбінде болды.

Сүңгуір қайықтан айырмашылығы, лодж жоғары су асты қысымына бейімделу үшін технологияны пайдаланбайды.

"Терең теңіз доктор" лақап атпен танымал профессор Дитури саяхатын 1 наурызда Флорида-Кис лагунаның түбінде орналасқан шағын бөлмеде бастады.

Project Neptune 100 деп аталатын жоба аясында Оңтүстік Флорида университетінің профессоры адам экстремалды қысымда ұзақ мерзімде болғанда, ол ағзаға қалай әсер ететінін зерттеуде.

Зерттеушілер 55 жастағы ер адамның денсаулығын, сондай-ақ ұзақ уақыт оқшауланудың психологиялық әсерін бірқатар медициналық сынақтар арқылы зерттейді.

Бірақ су астында өткізген уақыты оның профессорлық міндеттерін орындауға кедергі болмады. Оңтүстік Флорида университетінің мәліметі бойынша, әскери-теңіз күштерінде 28 жыл қызмет еткен профессор онлайн режимде биомедициналық инженерия сабақтарын жүргізеді.

Су астында ол ерте тұрып, сағат 05:00-де жаттығу жасайды. Ол микротолқынды пешпен жылытуға болатын жұмыртқа мен лосось сияқты ақуызы жоғары тағамдарды жейді.

"Жер бетінде сағынған нәрсе – ол Күн", — деді ол.