$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Астық себу кампаниясы

AstanaTV
06.04.2016ж. 20:00
1376
Астық себу кампаниясы

Қытай Қазақстаннан жыл сайын 500 мың тонна бидай сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі мәлімдеді.

Ажар Қаджыбекова, ҚР АШМ департамент директоры:

Бүгінгі таңда Қытаймен келісімдер жүргізілуде. Олар астық импортын арттыруға мүдделі болғандықтан, бұған дейін экспорттаған өнімді қаптарға салып жөнелту міндеті тұрған. Бұл мәселені де ретке келтірдік.

Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігі  көктемгі егіске қажетті техникалар сатып алуды субсидиялайды. Дәнді дақылдарды дер кезінде егу үшін тракторлар паркін жаңарту қажет дейді мамандар. Министрлік жаңа техника құнының 25 пайызына дейінгі шығындарды өтемек.