Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Түркістан облысының тұрғыны кегін қайтару үшін қасақана көлікпен қақты

16.05.2023ж. 20:00
1070
Түркістан облысының тұрғыны кегін қайтару үшін қасақана көлікпен қақты

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында жергілікті тұрғын қарсыласынан кек қайтару үшін оны көлігімен қақты. Әлеуметтік желіде тараған видеода орталық алаңда бір топ адамның ерегісіп жатқаны көрінеді. Бірі екіншісінің кеудесінен соғады. Сол сәтте ашуға булыққан жас жігіт өзіне ескерту жасап, қол көтерген адамнан өш алу үшін көпшілік орынға көлікпен келіп, үш адамды қасақана қағып өткен. Алаңда өзге де демалушылар болған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Бұл жайтқа қатысты Мақтаарал аудандық әкімдігінің баспасөз хатшысы жауап берді. Айтуынша, отбасы мүшелерімен бірге алаңда доп ойнап жүрген ауыл азаматы көгалдандырылған аумақтағы гүлзарға зиян келтірген. Оған бірнеше рет ескерту жасалғанына қарамастан жас жігіт тәртіпке бағынғысы келмеген көрінеді. Жарақат алған адам қазір ауруханада. Оған операция жасалған. Қазір бұл іске қатысты полиция іс қозғаған.

МАҚТААРАЛ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ:

Қазіргі таңда екі тарапқа қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» мен ҚР ҚК-нің 293-бөлігі «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қасақана шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды. Сонымен қатар оқиға басталған сәтте аудандық мәслихаттың депутаты да қатысып, жанжалдың екі қатысушысын ажыратуға тырысқаны анықталды.