Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматыда мектепте жарылғыш зат бар деген ақпараттан соң балалар эвакуацияланды

AstanaTV
16.05.2023ж. 19:44
433
Алматыда мектепте жарылғыш зат бар деген ақпараттан соң балалар эвакуацияланды

Алматы қалалық полиция департаментіне "бомба" туралы хабар келіп түскеннен кейін №25 мектептің оқушылары ғимараттан эвакуацияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

Полицейлердің мәліметінше, жедел-құтқару қызметі Алматының Алмалы ауданында орналасқан №25 орта мектептің ғимаратын тексерген.

"Алғашқы дереу әрекет аясында ықтимал жарылғыш затты іздестіру бойынша кешенді шаралар жүргізілуде. Саперлік бөлімшелер тартылып, эвакуациялау жұмыстары атқарылуда", - деді Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сондай-ақ сағат 12:21-де ақпарат расталмағаны және жарылғыш зат табылмағаны хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысы Талғар қаласындағы мектептердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат пайда болып, Алматы облыстық полиция департаментінің кезекші бөліміне хабарлама келіп түскені туралы жазған болатынбыз.