Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Астанада жолаушылар жауапқа тартылды

AstanaTV
16.05.2023ж. 23:57
1081
Астанада жолаушылар жауапқа тартылды

Астана әуежайында балағат сөздер айтып, полицейлердің заңды талабына бағынбаған жолаушылар жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне FlyArystan әуекомпаниясының өкілі "Астана – Алматы" бағытындағы әуерейсінің жолаушыларының біріне қатысты шара қолдану туралы шағымданды. Оның айтуынша, рейске тіркеу кезінде ер адам өзін дөрекі ұстаған және балағат сөздер айтқан. Көлік полицейлері тексеру кезінде Алматы қаласының 36 жастағы тұрғынын анықтады. Ол полиция бөліміне жеткізу кезінде тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбаған.

Құқықбұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық), 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу), 667-бабы (Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) бойынша бірден үш әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Ұсақ бұзақылық пен бағынбау бойынша материал шешім қабылдау үшін Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Осы әуекомпанияның "Астана - Қызылорда" бағытындағы тағы бір жолаушысы әкімшілік құқықбұзушылық жасады. Бұл жолы елорданың 40 жастағы тұрғыны масаң күйінде болып, тіркеуге кешігіп келген, әуекомпания қызметкерлеріне балағат сөздер айтқан және полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамаған. Бұл адамға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы, 440-бабы, 667-бабы бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.