Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қырғызстанда арнайы операция кезінде лаңкестің көзі жойылды

AstanaTV
17.05.2023ж. 13:50
908
Қырғызстанда арнайы операция кезінде лаңкестің көзі жойылды

Қырғызстанның Шу облысы Дмитриевка ауылында арнайы операция барысында қарулы лаңкестің көзі жойылды, сондай-ақ құқық қорғау органдарының екі қызметкері жараланды.

Қырғызстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 17 мамырда таңертең арнайы жасақ елдің оңтүстігінде бірнеше қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстамақ болған.

Алдын ала мәлімет бойынша Сириядағы соғыс қимылдарына қатысып келген ер адам қарулы қарсылық көрсетіп, соның салдарынан өзі оққа ұшқан. Қазіргі кезде оның ықтимал сыбайластары іздестіріліп жатыр.

«Террористің көзі жойылды. Оқиға орнында Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшылары жүр. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрлігі.

Арнайы операция кезінде арнайы жасақ сарбаздары жеңіл жарақат алды.