Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қызылордалық бірнеше кәсіпкер миллиондаған айыппұл арқалады

Қызылордалық бірнеше кәсіпкер миллиондаған айыппұл арқалады

Қызылордалық бірнеше кәсіпкер миллиондаған айыппұл арқалады. Облыстық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, салық органдары 7 кәсіпкерге 82 млн теңгеден аса айыппұл салған. Палатадағылар бұл тізімнің әлі де өсетіндігін айтуда. Енді сауда жасап, күнелтіп отырған шағын кәсіп иелері шарасыз күйде отыр. Кірістер департаменті олардың айналым қаражаты оңтайландырылған салықтың шектік сомасынан асып кеткен дейді. Яғни сауда айналымы 20 мың айлықтық есептік көрсеткіштен жоғары болып тұр. Заң бойынша, бұл жағдайда жауапты департаментке 10 күн ішінде өтініш қалдыруы керек.

Кеңескүл СТАМБЕКОВА, ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Көптеген салық төлеушілер қосылған құн салығына мерзімінде тіркелмеген. Өтінішті кеш берген жағдайда мерзімінде қосылған құн салығын тіркеу есебіне қойылмаған деп ҚР ӘҚБК 269-бабына байланысты 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.

Кәсіпкерлердің көпшілігі айналымдағы қаржының банктердегі сервистік қызметтер есебінен еселеніп кеткендігін айтуда. Яғни, сауда жасаудан бөлек, келесі бір адамға қолма-қол қаржы шешіп берумен айналысқан. Ал шектік сомманың барынан олар хабарсыз болған көрінеді. Жауапты департаменттегілер болса, салықшылардың жеке кабинеттеріне, ескерту хабарламан жіберілгенін айтады. Кәсіпкерлік палатасындағылар жағдай бұлай ушыға берсе, шағын кәсіп иелері құрдымға кетеді деп дабыл қағуда. Сондықтан заңға өзгеріс енгізу керек дейді.

Пірмұхамед СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Шұғыл түрде қарап, осы заңға қайтадан өзгеріс енгізу керек. Тағы бір айта кететін мәселе, бұл қарау емес, уақытша тоқтату керек. Қазір қайта-қайта кіріс департаментіне шақырып бұларға қолына қағаз ұстатып жатыр ғой, айыппұл төле деп. Болмаған жағдайда бұлардың шоттарын бұғаттап жатыр. Бұлар сол арқылы күн отыр отырған кәсіпкер болғаннан кейін, отбасын асырап отырғаннан кейін бұл қиын жағдай.