$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ауыл оқушылары көз протезін ойлап тапты

17.05.2023ж. 20:00
1248
Ауыл оқушылары көз протезін ойлап тапты

Оқушылар көз протезін жасады. Жасанды жанарды құрастыруға небәрі 2 ай уақыт кеткен. Жоба авторлары құрылғыны іске асыруға «өз сыныптасымыздың жағдайы түрткі болды» дейді. Әмір мен Дария кәдімгі шалғай ауылдағы мектепте оқиды. Мүмкіндіктің аздығына қарамай түрлі ғалым істей алмаған шаруаны тындырды. Аружан Задабек тарқатады.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Мен дәл қазір Шығыс Қазақстан облысындағы елді мекеннен келген 10-сынып оқушысы Дария есімді қыздың жанында тұрмын. Дария ауылда тұрса да ерекше техниканы құрастырып шыққан екен. Сол туралы айтып беріңізші.

Дария МҰСТАФИНА, ОҚУШЫ:

Біздің істеген жұмысымыз ол осы анофтальмос ауруымен ауыратын адамдарға 3Д көз болып есептелінеді. Қазақстан және СНГ-і ең бірінші прототип боп саналады. Неліктен ондай ойға келдің десеңіз, біздің мектепте мұғалімдер және оқушылар алдында сауалнама жүргізілген болатын. Ең ауқымды проблемалардың қайсы деген. Сонда біз көрсетілген болатын, ол – көз ауруы және көздің мүмкін болмауы.

Ауылда білім жоқ деп жүргенде, шалғайдан шыққан шеберлер өз туындыларымен елді ауызына қаратты. Осыдан кейін елді мекенде оқитын оқушылардың ой-өрісі шаһар балаларынан төмен деп көр. «Нағыз талант – ауылда» дейтініміз бар. Бірақ сол далада өреннің өнерін шыңдайтын маман таппаймыз. Көбі елді мекен десе, ат тонын ала қашады. Ал Аман Алинов болса, керісінше, қаладан ауылға арнайы балалар үшін көшіп барған.

Аман АЛИНОВ, МҰҒАЛІМ:

Мен ауылға мұғалімдерді тарту туралы естігенде, ойланбастан шешім қабылдадым. Өзімнің ауылыма барып, өзім оқыған мектептің балаларына сабақ беру басты мақсат болды. Қалада жүріп, білген-түйгенімнің барын үйретсем деген арманым орындалды.

Қала мен ауыл дегенде қозғалар мәселе көп. Қоғамда шаһар мұғалімі шалғайдағы педагогтен қарағанда әлдеқайда білімді деген пікір бар. Бірақ мамандар бұл оймен келіспейді. Мүмкіндігі жоқ мұғалім, әрине, балаға көп нәрсе үйрете алмайтыны белгілі. Ал егер сол маманның қолына соңғы үлгідеге техниканы берсең, бәрін жасайды дейді.

Данияр ТОҚТАРБАЕВ, БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ТҰРАҚТЫ ДАМЫТУ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл мектептер үш жылдың ішінде білім сапасы 12-ден 15 пайызға өскен. Балалар облысты қойып, тіпті, республикалық, халықаралық сайыстарға қатысып жатыр. Балалардың мектепке қатысуы 100%-ге дейін жетті. Яғни, бұрын балалар мектептен кешігін немесе келмей қалатын жәйіттер болса, бүгінгі күні толыққанды қатысып жатыр.

Қазір қала мен ауыл балаларының білімін қайтсек теңестіреміз деген сұрақ үлкен мәселеге айналды. Мемлекет тарапынан түрлі жоба қолға алынғанымен, нәтиже көңіл көншітпейді. Ксения Верба 4 жыл бұрын шалғайда оқитын оқушыларға алдымен техникалық жағдай жасау керек деген мәселені көтерді. Нәтижесінде 17 мектептің жандануына себепкер болды.

Ксения ВЕРБА, «AITAS FOUNDATION» ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Ауыл мектебін дамытатын түрлі жоба бар. Олар ауылдағы оқушылар мен мұғалімдердің біліктілігін арттырып қана қоймай, білім саласын жандандыруға жол ашады.

Елде 2 мыңнан аса ауылдық округ пен 6,5 мың ауыл, 6 мыңға жуық мектеп бар. Олардың сапасын арттыру мәселесін Мемлекет басшысы да көтерген еді. Қала мен ауылдағы білім сапасының алшақтап бара жатқанын айтып, нақты нәтиже көрсетуді тапсырды.