Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толды

17.05.2023ж. 20:00
1701
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толды

Мемлекет басшысы бүгін 70 жасқа толды. Осыған орай көрші ел басшылары президентке құттықтау жедел хаттарын жолдап жатыр. Онда Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық және толағай табыс тілеген. Елдер арасындағы ынтымақтастық пен бірлікке қосқан үлесі үшін алғыс білдіруде.

Президенттің әкесі Кемел Тоқайұлы – Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері. Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрын қалыптастырған белгілі жазушы. Пайым парасаты биік жазушы жайлы ұлы Қасым-Жомарт «Әке туралы толғаныс» деген ғұмырнамалық кітабында толық жазады.

Президент бірнеше шет тілін меңгерген. Ол ана сүтімен дарыса керек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың анасы Тұрар Шабарбаева Шет тілдер институтында жұмыс істеген. Мемлекет басшысы өзге мемлекеттерге сапарында аудармашы қажет етпейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев саяси ғылымдар докторы, халықаралық қатынастар бойынша көптеген кітап пен мақалалардың авторы. Дүниежүзілік гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары академиясының белсенді мүшесі. Мюнхен қауіпсіздік конференциясының «Даналар кеңесінің» мүшесі. Көркем, саяси және мемуарлық әдебиеттерді оқығанды ұнатады. Сондай-ақ, президент салауатты өмір салтын ұстануды да қолдайды. Бұған дейін ол 13 жыл бойы Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарды. Бұған дейін Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысының туған күніне орай мерекелік іс-шаралар өтпейтінін айтқан. Бұл -Қазақстан басшысының ұстанымы.