Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Тайбұға хан жайлы жылдар бойы жиналған деректер мемлекеттік архивке тапсырылды

17.05.2023ж. 20:00
1399
Тайбұға хан жайлы жылдар бойы жиналған деректер мемлекеттік архивке тапсырылды

Бүгін Тайбұға хан жайлы жылдар бойы жиналған деректер мемлекеттік архивке тапсырылды. Болашақта елорда көшелерінің біріне ханның аты беріліп, Түмен қаласында ескерткіш орнатылмақ. Тайбұға хан Шыңғысхан мен Жошының замандасы. Шараға қатысқан тарихшылар Тайбұға ханға қатысты тың деректермен бөлісті. Ол Қазақ хандығын құруға үлес қосыпты. Қазіргі Солтүстік Қазақстаннан Түмен қаласына дейінгі аймақта Сібір хандығын құрып, билік жүргізген патшаға Шыңғыс ханның өзі қарыздар болған дейді.

Жәди ШӘКЕНҰЛЫ, ЖАЗУШЫ, ТАРИХШЫ:

Тайбұға ұлысын зерттеу, оны тарихтың айналымына кіргізу, оның ғылыми бағасын беру және біздің мемлекетіміздің тұтастығының түпкілікті кең екендігін дәріптеу бүгінгі ұрпаққа беретін көптеген бағындырылып жатқан ақтаңдақтарымыздың бірі деп есептейміз.