Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Шымкентте отбасы құндылығын арттыруды көздеген форум өтті

Шымкентте отбасы құндылығын арттыруды көздеген форум өтті

«Отбасы – Отанымның тірегі». Шымкентте осындай атаумен алғаш рет отбасы институтын дамыту мақсатында форум өтті. Отбасының беріктігі оның әлеуметтік жағдайымен ғана өлшенбейді. Сондықтан отбасы институтын қолдау тек мемлекеттің, мемлекеттік органдардың міндеті деп қарауға болмайды. Ауқымды шараның мақсаты да сол- қоғамда басты құндылықтарды арттырып, ұрпақтар сабақтастығын насихаттау.

Мемлекеттен қаншама қолдау болғанымен адам өз отбасын сақтап, дамытуда жауапкершілік сезінбесе, миллиардтап бөлініп жатқан қаржы мен мемлекеттің қамқорлығы түкке тұрмайды. Бірінші кезекте осыны түсіну қажет. Отбасы институтын қолдау мен нығайту мәселеріне тоқталған Мұрат Әйтенов «Баршамыз күш біріктіре отырып, жас ұрпақты өз отбасына жауапкершілікпен қарайтын азамат етіп тәрбиелеп шықсақ, нағыз үлкен жетістік сол болмақ. Өйткені, отбасына жауапкершілікпен қараған азамат Отанына да адал қызмет етеді» деді.

Мұрат ӘЙТЕНОВ, ҚАЛА ӘКІМІ:

Әрбір отбасының тіршілігі баянды, іргесі берік болып тұрса бұл мемлекеттің де еңсесінің тік, шаңырағының биік болуына себепші екені белгілі.

Форумға «Мерейлі отбасы» жобасының қатысушылары, аудандардың үздік отбасылары, жаңадан шаңырақ көтерген жастар қатысты. Еркін форматта ұйымдастырылған диалог алаңында отбасы институтына қатысты проблемалар ашық талқыланды. Маңызы айрықша іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар өздерінің үлгі-өнегелері мен жастардың тәрбиесіне қатысты пікірлері, салиқалы ойларын ортаға салды.

Гүлмира МЫРЗАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бірінші – кешірімшіл болу керек. Бір-бірін сыйлау керек және бір-біріне кім басымдық жасаса сол кезде пәсейу керек деп ойлаймын. Сонда ғана отбасы берік болады. Отбасы мықты болады.

Ғалия АЙЫМБЕТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Отбасының құндылығын арттыруда енді отбасы ол өзінің ішінде лайықты заңы болады. Оның қуанышы қайғысы қиыншылығы болады. Соның барлығын ортадан шеше алатын мәселені жақсы ниеттермен құндылықты сақтап қалу жолдарында әрқашанда берік болу керек деп ойлаймын. Содан отбасының ұйытқысы болуға біз септігімізді тигізуіміз керек деп ойлаймын.

Форум аясында қала тұрғындарының үздік отбасы болуға деген ынтасын арттыру үшін «Үздік Отбасы» премиясы тағайындалды. Салтанатты жиын сахна саңлақтарының ұлттық құндылықтарды ұлықтаған ән шашуына ұласты.