$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Экономикалық тергеу департаментінің бұрынғы қызметкері жемқорлықты жасырғаны үшін істі болды

17.05.2023ж. 20:00
834
Экономикалық тергеу департаментінің бұрынғы қызметкері жемқорлықты жасырғаны үшін істі болды

Ал Солтүстік Қазақстан облысында ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысты жасырды деген күдікпен экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы қызметкері ұсталды. Астана қаласында қызмет етіп, кейін зейнетке шыққан Тампиев соңғы кездері адвокат болып жұмыс істеген. Заңгерге Петропавл ауыр машина жасау зауытының басшылығына пара ретінде берілген 45 миллион теңгені азаматтық-құқықтық мәміле деп жасыруға тырысты деген айып тағылды. 54 жастағы азамат пен оның екі сыбайласы сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Виктория АЛПЕЕВА, СҚО ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Ұстау кезінде ол осы қылмыстық іс бойынша қорғаушы мәртебесіне ие болмады және әлеуметтік желілерде айтылғандай, процеске қатысушыларға адвокаттық қызмет көрсеткен жоқ.