Таңғы уақытта Омега жол көпірінің астынан өтіп бара жатқан 30 жастағы әйелге күтпеген жерден ер адам шабуыл жасаған. Әйел қашып кетуге тырысқанымен, қарақшы оны мықтап ұстап, жерге құлатып, алтын сырғаларын, сақиналарын шешіп, телефонын тартып алған.
Шығын көлемі - 550 мың теңге.
Әйел адам полицияға жүгініп, жедел-іздестіру шаралары бірден жарияланды. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында ұсынылған 15 азаматтың ішінен жәбірленуші 1971 жылы туған бір ер адамды көрсетті.
Күдікті дереу құрықталды. Оның бұрын қылмыстыққа жауапкершілікке тартылғаны анықталды.