$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Нұр Отан» партиясының сайлауалды науқанында халық алдына берген уәдесінің 92 пайызы орындалды

AstanaTV
30.09.2016ж. 20:00
2686
«Нұр Отан» партиясының сайлауалды науқанында халық алдына берген уәдесінің 92 пайызы орындалды

«Нұр Отан» партиясының сайлауалды науқанында халық алдына берген уәдесінің 92 пайызы орындалды. Бұл туралы келелі жиын барысында 2020 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының «Халықты жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында партия хатшысы Наталья Годунова мәлімдеді. Оның сөзінше, «Нұрлы жол», «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2016 жылдың 6 айында 225 мың адам жұмысқа орналасқан. Ал тағы 11 мың адам жастар тәжірибесіне тартылып, әлеуметтік жұмыс орындарына тұрыпты. Мамандар осы істердің арқасында елде жұмыссыздықтың өсімі жоқ деп отыр. Осымен қатар, әлеуметтік төлемдерді мерзімінен кеш қалдырмай төлеу көрсеткіші де жақсарған. Партия бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмек қолын созуды мықтап қолға алған.

Наталья Годунова, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Бүгін біз әсіресе мүмкіндігі шектелу жандарға арнап, кедергісіз болашақ жайын айтып отырмыз. Осы бағытта жұмыс алғашқы жыл жүргізіліп отырған жоқ. Алайда, нәтижесіне әркез көңіліміз тола қоймайды. Бұл меншікті мекемелерге, дәріханалармен дүкендерге де қатысты.

Мемлекеттік мекеме өкілдері бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандарға айтарлықтай мол жағдай жасап отырғандарын айтады. Мысалға, денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері кембағал жандарға арнап пандустар және басқа да қажеттіліктер төңірегінде жұмыс атқарып жатса керек. Биыл осы қажеттіліктер 8000 орынға орналастырылған. Жыл соңына дейін тағы да 3000 жуық жол белгісін қою жоспарланып отырған көрінеді. Оның үстіне 148 жаяу жүргіншілерге арналған жолды арнайы сигналмен жабдықтау көзделіп отыр. Осы жылы республикалық бюджеттен осы бағытқа  бөлінген қаражаттың көлемі шамамен 76 млн теңге құраған.

Жанат Омарбекова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Соқыр адамдарға арналған бағдаршамдарды бүгінде қолмен ақ санап шығуға болады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай десек, барлығы пандусты айтады, одан өзге соқыр адамдар, нашар еститін адамдарды назардан тыс қалдырып жатамыз. Біз міне, осы санаттағы адамдарды да назардан шығармауымыз керек. 

Д. БАҚДАУЛЕТ