Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Тайландтағы катер апатынан Қазақстанның 3 азаматы зардап шекті - СІМ

AstanaTV
18.05.2023ж. 11:03
1062
Тайландтағы катер апатынан Қазақстанның 3 азаматы зардап шекті - СІМ

Тайландтағы катер апатынан Қазақстанның 3 азаматы зардап шекті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тайландтағы Қазақстан консулының ақпаратына сәйкес, катердегі жолаушылардың арасында Қазақстанның 4 азаматы болған. Олардың үшеуі медициналық көмекті қажет етті. Дәрігерлер қарағаннан кейін екі отандасымыз ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы тұрақты, денсаулықтары мен өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ», - деді Айбек Смадияров.

Оның атап өтуінше, барлық медициналық шығынды катерге иелік ететін тай компаниясы мойнына алып отыр.

«Консулымыз зардап шеккен азаматтармен де, жергілікті билікпен де үнемі байланыста», - деді ресми өкіл.