Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Қытайға ән сапармен барған Мәдина Сәдуақасова дауысы Мейрамбек Беспаевқа ұқсайтын әншіні кездестірді

AstanaTV
18.05.2023ж. 14:51
2142
Қытайға ән сапармен барған Мәдина Сәдуақасова дауысы Мейрамбек Беспаевқа ұқсайтын әншіні кездестірді

Отандық әнші Мәдина Сәдуақасова ән сапармен Қытайға аттанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі Қытайдың Құлжа қаласында қандастарға арнап ән кешін өткізбек. Сапар кезінде әнші дауысы өнердегі әріптесі Мейрамбек Бесбаевқа ұқсайтын өнерлі жігітті кездестірді. Ол “Дауысы Мейрамбекке ұқсап тұр” деп оқырман арасында шағын сауалнама жүргізді.

“Қандастарымыз күшті қарсы алды, біздің барлық жағдайымызды жасап жатыр. Көп рахмет. Қытай мен Қазақстан арасындағы достық нығая берсін. Бір тосын сый болады. Оны концертке келген адамдар ғана біледі”, – дейді Мәдина Сәдуақасова.

Құлжа қаласындағы үлкен қонақүйлердің біріне орналасқан әнші қандастардың күтіп алуын жоғары деңгейде бағалады.

Сондай-ақ өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында қытайлық әйелдің образында түскен суреттерін жариялады.