Демеушілер
ЭКСПО көрмесін 125 млн еуроға қаржыландырды. Бұл туралы «ЭКСПО-2017»
ұлттық компаниясы басқарма төрағасының басшысы Ахметжан Есімов дипмиссия
басшыларымен кездесуінде мәлімдеді. Қаржы құйған ірі трансұлттық компаниялар.
Есімовтің айтуынша, бүгінде барлық павильондар дайын. 103 ел қатысатындарын
растаған. Оның 98-і комиссарларын тағайындап үлгерген. 82 қатысу
келісімшартына қол қойылған. Көрмеге сонымен қатар 17 халықаралық ұйым
қатысады деп жоспарланған.