Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Елена Рыбакина мастерс турнирлеріндегі жеңістер бойынша әлемде үздік атанды

AstanaTV
18.05.2023ж. 23:18
1510
Елена Рыбакина мастерс турнирлеріндегі жеңістер бойынша әлемде үздік атанды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина биыл WTA 1000 турнирлеріндегі жеңістер бойынша әлемде үздік теннисші атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

OptaAce басылымынан мәлім еткеніндей, Е.Рыбакина биыл мастерс жарыстарында 17 жеңіске қол жеткізді.

Бұл – одан кейінгі орында тұрғандардан 2 жеңіске артық.

Қазақстандық теннисші соңғы ойынында Рим мастерс турнирінің ширек финалында әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекті ұтты.

Елена Рыбакина алдағы дүйсенбіде жаңартылатын WTA рейтингісінде 6-дан бесінші орынға көтеріледі. Егер Римде жеңімпаз атанса, Елена төртінші ракетка атанады.

Е.Рыбакина жартылай финалда әлемнің 20-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен шеберлік байқасады. Екінші жартылай финалда ресейлік Вероника Кудерметова мен украиналық Ангелина Калинина өзара мықтыны анықтайды.