Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Өскеменде үшінші қабаттағы балкон қирап, әйел адам жерге құлап түсті

AstanaTV
19.05.2023ж. 07:41
872
Өскеменде үшінші қабаттағы балкон қирап, әйел адам жерге құлап түсті

Өскемен қаласында үшінші қабаттағы балкон қирап, әйел адам жерге құлап түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 18 мамыр күні сағат 15:30 шамасында Қазақстан көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйде болған. Үшінші қабаттағы балкон кенеттен қирап түсіп, сол уақытта балконда тұрған әйел жерге құлаған.

Абырой болғанда, ол аман қалды. Белгілі болғандай, сол сәтте үйде қаршадай бала қараусыз қалған.

«Зардап шеккен әйелді жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде ауруханаға жеткізді. Ал баланы оқиға орнына жеткен туыстары алып кетті. Қазір әйелдің жағдайы жақсы, ол тексеруден өтіп жатыр. Денесінде сынық немесе басқа да ауыр жарақаттар жоқ», - деп хабарлады ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.