Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Италияда тасқыннан 13 мың тұрғын үйін тастап кетті

AstanaTV
19.05.2023ж. 12:41
931
Италияда тасқыннан 13 мың тұрғын үйін тастап кетті

Италияда бір жарым күн бойы толассыз жауған жаңбырдан 13 мың тұрғын баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болған,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

5 мыңнан астам ферма су астында қалып, ондаған мың гектар жүзім алқабы су ортасында қалды. Сел көшіп, 400-дей жолға зақым келді.

Жергілікті биліктің айтуынша, мұнда соңғы 40 жылда бөгеттер салынған жоқ.

Олқылықты жою үшін гидротехникалық құрылысты басқаша жүргізу қажет.

Үкімет келесі аптада табиғи апатқа байланысты жиын өткізуді жоспарлап отыр.