$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мұны көру үшін шетелден туристер келеді. Алматыдан 45 шақырым жерде не бар?

AstanaTV
19.05.2023ж. 16:22
1845
Мұны көру үшін шетелден туристер келеді. Алматыдан 45 шақырым жерде не бар?

Алматыдан 45 шақырым жерде жыл сайын мамырда алматылықтар мен туристер баратын жер бар. Мұнда модельдер мен блогерлер фотосессия жасайды. Ал әлеуметтік желілердегі "гүлдер алқабы" хэштегімен белгіленіп салынған фотолар бұл күндері кеңінен танымал болып жатыр. Бұл жерге Tengrinews.kz сайтының фототілшісі де барып, ғажайып сұлулықты суретке түсіріп келген.

Көлікпен гүлдер алқабына жетуге бір сағаттай уақыт кетеді

Ол Алматы – Қорғас бағытының бойында орналасқан.


Фототілшіміз алқапқа барған уақытта ауа райы ашық, 25 градус болған.

Бір сағат бойы егістік маңында ондаған адам жүрген.

Біреулер мұндай ерекше сұлулықты тамашалау үшін қаладан әдейі келген.


Алматының әсем жерлерінің арасында танымалдығы бойынша бұл жер алғашқы ондыққа кіреді. Ол жерге барсаңыз өкінбейсіз.