Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Италияда 14 өзен арнасынан тасыды

AstanaTV
19.05.2023ж. 17:34
956
Италияда 14 өзен арнасынан тасыды

Италияда нөсердің басылатын түрі жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Соның салдарынан елдің солтүстігінде 14 өзен арнасынан тасыған.

Соңғы мәлімет бойынша, құрбандар саны 9 адамға жеткен. Бірнеше тұрғын із-түзсіз жоғалған. Кейбір өңірде бір жарым тәулікте жауын-шашынның 6 айлық нормасы жауған. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Олар нөсер жақын арада басылмайтынын айтады. Қауіпті аймақтан мыңдаған адам эвакуацияланған.

Құтқарушыларды күтіп отырмыз. Олар келгенше, қолдан келгенше өзіміз аман қалудың амалын жасап жатырмыз. Басқа не істей аламыз?,- жергілікті тұрғын Келли Шарк

Пәкістанда да су тасқынынан 8 адам опат болды. Марқұмдар арасында балалар бар. Синоптиктер жаңбыр басылса да, оның соңы дауылға ұласатынын ескертеді.