$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«5 млрд адам ауыз суға мұқтаж болуы мүмкін», - Президент

19.05.2023ж. 20:00
1000
«5 млрд адам ауыз суға мұқтаж болуы мүмкін», - Президент

Қазақ-қытай байланысының артуы Орта Азия елдері үшін өте маңызды. Егер екі мемлекеттің ынтымақтастығы артса, өзге елдердегі кейбір түйткілді түйіндер тарқайды дейді сарапшылар. Мәселен, қазір 22 миллион адам таза ауыз суға жарымай отыр. 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш, тіпті, арта түспек. 5 миллиардтан астам адам ауыз суға мұқтаж болуы мүмкін. Орта Азия суының 85 проценті Қытай мен Тәжікстанға тиесілі екенін ескерсек, қорды қалыптастыру үшін қос мемлекет байланысын арттыру өте маңызды екенін ұғамыз.

Әлижан ОМАРОВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Су мәселесі шешілмесе, ол ертеңгі күні ауылшаруашылыққа тікелей әсер тигізеді. Су мәселесі өте-өте маңызды. Оңтүстік аудандар болсын, шығыс болсын, батыс, солтүстік. Және де соны алға тарта отырып, көршілес мемлекеттермен жақсы қарым-қатынас орнату біз үшін өте маңызды. Сол себепті осындай іс-сапарлар екі жақтын қарым-қатынасын жақсартуға өз үлесін қосады деп ойлаймын.

Бұған дейін еліміз аспан асты еліне астық өнімдерін жіберсе, қытай жұрты бізге жаңа техникаларын ұсынып отырды. Осы арқылы Қазақстан мен Қытай экономикасы бір-бірін толықтыратын. Саясаттанушы Бауыржан Әукен Орта Азия саммитінен кейін қос мемлекеттің ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілетінін айтты.

Бауыржан ӘУКЕН, САРАПШЫ:

Жаңа серпін бермек Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақсы қарым-қатынастарға. Былтырғы жылғы көрсеткіштер бойынша, мысалға Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда көлемі 31 млрд АҚШ долларына жеткен болатын және жақын арада бұл 40 млдр доллорға жеткізу көзделіп отыр.