$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстандағы жалпы телекөру көрсеткіші 5%-ке өсті

19.05.2023ж. 20:00
908
Қазақстандағы жалпы телекөру көрсеткіші 5%-ке өсті

Қазақстандағы жалпы телекөру көрсеткіші былтыр 5%-ке өсті. Бұл туралы сарапшылар Алматыда өткен Ұлттық медиа қауымдастығының конференциясында айтты. Отандық медиа саласының өкілдері бас қосқан жиында телевизия нарығының өзекті мәселелері талқыланды. 2022 жылғы медиа өлшемдер қорытындыланды. Әсіресе, қазақтілді контенттің дамып жатқанын сарапшылар атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстанның медиа жүйесіне деген сенімділікті арттыру жолдары қарастырылды.

Қанат ЫСҚАҚОВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Біз үшін маңызды сұрақ медиаөлшем құралдарының кеңеюі болып табылады. Қазір осыған қатысты жұмыстар атқарылып жатыр. Мысал ретінде ТНС және Медиа Хилс сынды өлшем панельдерінің біріктірілгенін айтса болады. Дегенмен әлі де шешілмеген мәселелер бар.

Жиында, сондай-ақ, телевизиядағы мемлекеттік тілдегі жарнама мәселесі де тілге тиек етілді. «Егер Қазақстанның жарнама нарығы құлдырайтын болса, онда нарықтың барлық қатысушыларында даму болмайды» дейді сарапшылар.

Бақтияр МӘКЕН, NUR MEDIA ХОЛДИНГІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бұл жерде ең өзекті мәселе – мемлекеттік тілдегі жарнаманың сапасын әрі қарай қалай дамытамыз. Әрине, заң бар тиісті жарнамаға байланысты. Ол заң өз жұмысын нәтижелі жүргізіп жатыр. Бірақ көп жерлерде, жалпы қазақ телевизиясында, қазақ медиа саласында бұл сақталмайды. Шетелдерден жарнамаларды алып, өзгеше аударамыз. Аударған кезде сапасы келмейді, көрерменге жағымды болмайды.