$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Саран қаласында «AMANAT» партиясы бірқатар қайырымдылық шараларын ұйымдастырды

19.05.2023ж. 20:00
933
Саран қаласында «AMANAT» партиясы бірқатар қайырымдылық шараларын ұйымдастырды

Қарағанды облысы Саран қаласындағы мешітке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған «AMANAT» партиясы мұрындық болды. Абаттандыру жұмыстарына жергілікті меценаттарда ат салысып жатыр. 20 жылдан бері жұмыс істеп тұрған имандылық үйінің жаңаланып жатқанына жергілікті тұрғындар дән риза.

Мұхаммедқали САЛИҚОВ, САРАН ҚАЛАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ:

Мешіт жастардың рухани ілім алатын жері болып табылады. Мұқтаж адамдарға жәрдем ету. Үлкен-үлкен жұмыстар атқарып жатырмыз осы мешіттің төңірегінде. Алла тағала осы берекесін берсін. Дініміз қуатты болсын. Келешегіміз баянды болсын.

Бұдан бөлек, «AMANAT» партиясының қалалық филиалы көп балалы отбасыларға көмек қолын созды. Оларға жергілікті киім фабрикасының өнімін ұсынды. Айдана Сәрсекеева да бес баласына спорттық киім алды.

Айдана СӘРСЕКЕЕВА, САРАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жақсы, үлкен рақмет, фабрика басшыларына табыс тілейміз. Жұмысының жемісін көрсін. «AMANAT» партиясына үлкен рақмет.

Сымбат БЕКМАҒАНБЕТОВ, САРАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біз мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істейміз, олардан көмекке мұқтаж адамдар туралы ақпарат аламыз, сондай-ақ партияның өзі ақпарат жинайды. Біз мұндай отбасыларды материалдық немесе азық-түлікпен қолдауға тырысамыз.