Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қазақстан мен Өзбекстан әскерилерінің оқу-жаттығулары өтті

19.05.2023ж. 20:00
1016
Қазақстан мен Өзбекстан әскерилерінің оқу-жаттығулары өтті

Қазақстан мен Өзбекстан әскерилерінің оқу-жаттығулары өтті. Іс-шара өзара тәжірибе алмасуға, білім мен дағдыны шыңдауға ықпал етеді. Қазақстан тарапынан оқу-жаттығуға армия және әскери-көліктік авиация бөлімшелерінен, парашюттік даярлық орталығының мамандарынан барлығы 60 әскери қызметші жұмылдырылды. «Қалқан-2023» тактикалық арнайы оқу-жаттығуына бірлескен жедел штаб басшылық етті. Қазақстан мен Өзбекстанның біріккен жасағы шекара маңындағы заңсыз қарулы құралымдарды анықтап, жою жөнінде арнайы операция жүргізді. Оқу-жаттығу барысында мемлекеттік шекараны қорғаудың мүмкіндіктері анықталды. Жаудың негізгі күштерін жоюға әуе және артиллериялық соққылар жасалды. Бұл ретте резервтегі күштер мен құралдар ұрыс барысында сынақтан өтті. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Генерал-полковник Руслан Жақсылықов оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін генерал-лейтенант Баходир Құрбановпен бірге Өзбекстан Қарулы күштері академиясында болды. Жоғары оқу орнының қызметімен танысқан соң ол, Қазақстан Қарулы күштерінің тақырыптық сыныбының ашылу салтанатына қатысып, академияның құрметті қонақтары кітабына қолтаңба қалдырды.