Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

FlyArystan ұшағын найзағай соқты: Түркістан-Ыстамбұл рейсі кейінге шегерілді

AstanaTV
19.05.2023ж. 17:53
784
FlyArystan ұшағын найзағай соқты: Түркістан-Ыстамбұл рейсі кейінге шегерілді

FlyArystan ұшағын найзағай соқты: Түркістан-Ыстамбұл рейсі кейінге шегерілді,-деп хабарлайды КAZ.NUR.KZ.  

"19.05.23 сағат 13:05-те орындалатын КС7425 Түркістан - Ыстамбұл бағытындағы рейс ауа райының қолайсыздығына байланысты, нақтырақ айтқанда оның алдында орындалған рейсте ұшақтың алдыңғы бөлігіне найзағай соғу себебінен кешіктірілді", - делінген әуе компаниясы таратқан хабарламада.

Әуе компаниясы қауіпсіздік талаптарға сай ұшаққа тексеріс жүргізілуі тиісті екенін атап өтті.

"Біз рейстердің кешігуінің және тоқтатылуының алдын алу үшін қолымыздан келгенін жасап келеміз, бірақ кейбір жағдайлар біздің бақылауымыздан тыс екеніне назарыңызды саламыз", - деді әуе компания өкілдері.