Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Маңғыстауда оқушылар әтірден уланды

AstanaTV
20.10.2016ж. 20:00
2108
Маңғыстауда оқушылар әтірден уланды

Маңғыстауда 6 бала иіссудан уланды. Шетпедегі орта мектептің алтыншы сынып оқушылары иіссу қолданғаннан кейін өздерін нашар сезіне бастаған. Үзілісте әтір сепкен қыз балалардың аяқ сіңірі тартылып, бастары айналып, естерінен танып қалған. Зардап шеккендер бірден жергілікті ауруханаға жеткізілді. Оқушылар тиісті ем қабылдап, үш сағаттан кейін ғана естерін жинаған.

Прокуратура өкілдері фирманың барлық парфюмдік заттарын уақытша тәркіледі. Егер сараптама нәтижесі әтірдің құрамында токсиндердің мөлшерден тыс екенін анықтаса, оларды сатуға тыйым салынады.

Рабиға Милыбаева, Маңғыстау облысы тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы:

Дүрлігуге себеп жоқ деп ойлаймын. Себебі оқушылар қазір өздерін жақсы сезінеді. Бәрі сабақтарын жалғастырып жатыр. Бұл істі біз жіті бақылап отырмыз. Иіссулар лабораториялық тексеріске жіберілді.