«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.
20 мамырда Қазақстан бойынша Өскемен, Риддер, Атырау, Ақтау қалаларында ауаның қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.