Шымкент саябағындағы "Бәйтерек" аттракционы бұзылып, адамдарымен бірге биіктікте тұрып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Оқиға осы демалыс күндері болған. Куәгерлердің айтуынша, аттракцион биіктікте 20 минутқа тоқтап тұрған.
Жергілікті тұрғын Роман басылымға бір топ достарымен саябаққа демалуға келгенін айтады.
"Біз екі жігіт, төрт қыз болып отырдық. Бір кезде аттракционнан ақау шыққанын байқадық. Қыздар қорқып, айғайлай бастады. Мен оларды тыныштандыруға тырыстым. 20 минуттай жоғарыда отырып қалық, содан кейін қызметкерлер бізді түсіре бастады, бірақ толық емес, өйткені құрылғы дұрыс жұмыс істемей тұрды. Біз, қала тұрғындары атракционға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеумен қамтамасыз ету үшін барлығы жабылуын сұраймыз", - деп жазды Elitar.kz жергілікті тұрғындардың сөзін.
Роман саябақта дүрбелең басталғанын, адамдар өз өмірлері үшін қорқып, үрейленгенін айтады. Ол аттракционның дұрыс жұмыс істемеуін адамдарды көтере бастағанда-ақ болжағанын айтты.
"Мен аттракционның дұрыс жұмыс істемейтінін көтеріле бастағанда ақ сездім. Себебі, ол жерде ескі электр қозғалтқышы тұрды. Олар сымдарды алып тастап, бізді ақырын түсірді, бірақ ақшаны қайтарғысы келмеді", - деді жігіт.