Оралдағы автобуста адамдар төбелесіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға 16 мамыр күні кешкі уақытта болған. Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, №2 автобустың салонында жолаушылар арасында жанжал шыққан. 1991 және 1970 жылғы екі азамат 2000 және 1997 екі ер адамды ұрып, жарақаттаған.
Дәрігерлер екеуін де тексеріп, үйіне жіберген.