Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«Ордабасы» премьер-лигада екінші орынға көтерілді

AstanaTV
22.05.2023ж. 09:11
795
«Ордабасы» премьер-лигада екінші орынға көтерілді

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 10-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турды «Ордабасы» (Шымкент) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) командалары түйіндеді.

Шымкенттік клуб соңғы ойындарда жақсы нәтижеге жетіп келеді. Сол арқылы турнир кестесіндегі жағдайын түзеп алды.

Бүгінгі кездесуде алғашқы минуттан олар жеңіске жету жолын іздеді. Десе де оларға көкшетаулық клуб лайықты қарсылық көрсете білді.

Кездесу тағдырын «Ордабасы» сапынан Ауро Алваро да Крус Жуниор 32-минутта соққан жалғыз гол шешті.

Осылайша шымкенттік клуб қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді.