Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Шымкентте жалған ақша жасады деген күдікпен екі шетел азаматы қамауға алынды

AstanaTV
03.10.2016ж. 20:00
3155
Шымкентте жалған ақша жасады деген күдікпен екі шетел азаматы қамауға алынды

Шымкентте Нигерия елінің қос азаматы сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Оларға жалған ақша жасады деген айып тағылып отыр. Мұхит асып келген екеу шетел ақшасын қолдан басып шығарған болуы мүмкін. Мұны мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері анықтап, сотқа талап-арыз түсірген.

Күдіктілер өздері жалдап тұратын пәтерде ұсталды. Үйді тінту кезінде жалған АҚШ ақшасы табылған. Қазір ұсталғандардың нақты қанша ақша жасағаны және қанша соманы жаратып үлгергені анықталу үстінде. Сот залында шетелдік қос азаматқа аудармашы жалдауға тура келді. Өйткені екеуі не мемлекеттік тілді, не ресми тілді білмейді. Олардың Қазақстанға не мақсатта келгені де тергеу кезінде анықталатын болады.

Ғани Байарыстан, Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы:

Нигерия Федеративті республикасының азаматтары Обах Джусеф және оның сыбайласы Шымкент қаласына келіп осы қыркүйек айында шетел валютасын, яғни АҚШ долларын жасау, сақтау, өткізу мақтасында осындай қылмыс жасаған деп айыпталып отыр. Қазіргі таңда тергеушінің прокурор қолдаған талап-тілегі сотта қаралып, яғни екі ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасымен санкцияланды.