Отандық әнші Қуандық Рахым көпшілікке алғаш рет қызын көрсетті. Әнші қызының суретін Instagram желісінде жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Өнер иесі қызын бір жасқа толған туған күнімен құттықтаған.
"Алғашқы туған күніңмен, құлыншағым", - деп жазды Қуандық Рахым.
Айта кетейік, Қуандық Рахым 2020 жылдың күзінде отбасын құрды. Желіде шоу-бизнес жұлдызының сүйіктісін ұзатып алып, үйіне келін ретінде түсірген сәті тараған болатын.